Қытай Тайвань аралын қосу үшін әскери қақтығысқа дейін баруы мүмкін

Қытай Тайвань аралын қосу үшін әскери қақтығысқа дейін баруы мүмкін
Сурет: Dknews.kz

Пекин кез келген амалды қолдануға құқылы екенін айтты.

Қытай билігі Тайваньды елмен біріктіру үшін әскери күш қолдану мүмкіндігін жоққа шығармайды. Бұл туралы сәрсенбіде баспасөз мәслихатында ҚХР Мемлекеттік Кеңесі жанындағы Тайвань істері жөніндегі кеңсенің ресми өкілі Ма Сяогуан мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап.

""Біз әскери күш қолданбаймыз" деп уәде бере алмаймыз. Тайвань Қытайдың бір бөлігі болғандықтан, біз кез келген амалды қолдануға құқылымыз", - деді ол.

Дегенмен Бейжің Аралмен бейбіт түрде бірігуге бел буып, "Бір ел-екі жүйе" қағидатын ұстанатын болады.

"Қытайдың Тайваньға қатысты позициясы өзгерген жоқ", - деп қосты ол.