Қырғызстанның экс-президенті сотталды

Қырғызстанның экс-президенті сотталды
Сурет: Sn.kz

Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиев Құмтөр ісі бойынша кінәлі деп танылды.

Сот оны 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұрынғы үкімдерді ескере отырып экс-президент Бакиев жалпы 30 жыл түрмеде отыруы керек. Дәл осы іс бойынша экс-президенттің ұлы Максим Бакиев 13 жылға сотталды. Бұрынғы сот шешімдері негізінде, ол өмір бойына бас бостандығынан айырылады.