Қырғызстан ҰҚШҰ оқу-жаттығуын өткізбейтін болды

Қырғызстан ҰҚШҰ оқу-жаттығуын өткізбейтін болды
Сурет: Ашық дереккөзі

Әскери маневрлер 10 қазаннан бастап республика аумағында өтуге тиіс болатын

Қырғызстанның қорғаныс министрлігі ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің "Мызғымас бауырластық – 2022" командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізбейтін болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Sputnik.kz сайтының мәліметінше, Әскери маневрлер 10 қазаннан бастап республика аумағында өтуге тиіс болатын. Қырғызстан ҰҚШҰ-ның ресми сайтындағы іс-шаралар күнтізбесінен алынып тасталды.

Оқу-жаттығулардың өткізілмеу себебі туралы елдің қорғаныс министрлігі ресми мәлімеме жасаған жоқ.