Ыстамбұлда элиталы сауда үйінде атыс болып, 2 адам жарақат алды

Ыстамбұлда элиталы сауда үйінде атыс болып, 2 адам жарақат алды
Сурет: Ашық дереккөзі

Қарызға байланысты бірнеше адамның арасында дау болып, ақыры атысқа ұласқан

Cumhuriyet басылымының мәліметіне қарағанда, полиция бұл оқиғадан кейін 5 күдіктіні қамауға алған

Ыстамбұлда сауда үйінде атыс болып, 2 адам жарақат алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Синьхуа агенттігінің мәліметінше, Ыстамбұлдың Сарыер ауданындағы элиталы IstinyePark сауда орталығының ішіндегі мейманханада атыс болған. Қарызға байланысты бірнеше адамның арасында дау болып, ақыры атысқа ұласқан.

Соның салдарыннан оқиғаға қатысы бар Германия азаматы мен сол жерге түсті асқа келген Ливан азаматы жарақат алды.

Сарыер мэрі бұл факті бойынша ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ, оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз.