Қырғызстан TikTok-қа тыйым салмақ

Қырғызстан  TikTok-қа тыйым салмақ
Сурет: Canva.com

Қырғызстан аумағында TikTok қызметі тоқтайды.

Қырғызстанның мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі ел аумағында TikTok-ты бұғаттау жөнінде шешім қабылдады. Шешім одан әрі жүзеге асыру үшін Цифрлық даму министрлігіне жіберілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Қырғызстанда TikTok әлеуметтік желісін бұғаттау туралы шешімнің геосаяси астары жоқ. Бұл шара балалардың адамгершілік тәрбиесіне теріс әсер ететін және психологиясына зиян келтіретін ақпараттан қорғауға бағытталған. TikTok әлеуметтік желісінде балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпаратты шектеу функциясы жоқ. Сондай-ақ, ол қолданбадағы ақпаратқа қол жеткізу кезінде пайдаланушылардың жас санатын бақылауға алмайды. Жоғарыда айтылғандардың негізінде және көптеген өтініштерді ескере отырып, Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі ел аумағында TikTok қызметін тоқтату жөнінде шешім қабылдады», - делінген ведомство мәлімдемесінде.