Қырғызстан президенті Қазақстанға келеді

Қырғызстан президенті Қазақстанға келеді
Сурет: ашық дереккөз
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Бұл туралы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрлерінің кездесуінде белгілі болды.

Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Мұрат Нұртілеу ресми сапармен Бішкекте жүр.

"Екі елдің сыртқы істер ведомстволарының басшылары кіші және кеңейтілген құрамда саяси, сауда-экономикалық, су-экономикалық салалардағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қырғыз-қазақ қатынастарының жай-күйі мен даму перспективаларын егжей-тегжейлі талқылады. Энергетика және мәдени-гуманитарлық салалардағы екі елдің халықаралық және өңірлік ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылы туралы пікір алмасты", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар министрлер екі елдің мемлекет басшылары, парламенттері мен үкіметтері деңгейінде тұрақты саяси және экономикалық байланыстарды қолдауға өзара мүдде танытқаны атап өтілді.