Хоккейші қыздарымыз әлем біріншілігінің А тобында қарсыластарын ойсырата жеңді

Хоккейші қыздарымыз әлем біріншілігінің А тобында қарсыластарын ойсырата жеңді
Сурет: Olympic.kz

Нидерланд Корольдігінің Херенвен қаласында хоккейден 18 жасқа дейінгі қыздар арасында ІІ дивизиондағы әлем бірінішілігі өтуде. 

А тобына түскен Қазақстан құрамасы Түркияның қақпасына жауапсыз 6 шайба салып, ірі жеңіске жетті. Осының арқасында еліміздің хоккейшілері топтан шығу мүмкіндігін нығайта түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық олмпиада комитетіне сілтеме жасап. 

Айта кетейік, кешегі Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы 1-турдағы матч 0-4 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталған. Жалпы ІІ дивизионда Қытай, Латвия, Нидерланд, Ұлыбритания, Түркия мен Қазақстан қатысып жатыр. 

Қазақстан енді 18 қаңтарда Латвиямен, сосын Қытай және Нидерланд екеуімен бір күні (21 қаңтарда) ойнайды.