Халықаралық турнирге қай боксшылар қатысады?

Халықаралық турнирге  қай боксшылар қатысады?
Almaty-akshamy.kz

Венгрияның Дебрецен қаласында 15-21 қаңтар аралығында өтетін бокстан Иштван Бочкай атындағы турнирге қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды.

Халықаралық турнирде негізінен жас былғары қолғап шеберлері ел намысын қорғайды. Олардың қатарында Асхат Жүсіпов (48 келі), Даниял Сәбит (51 келі), Кенже Мұратұлы (54 келі), Самат Жетібаев (54 келі), Асылжан Серікбай (57 келі), Жексен Бейбарыс (60 келі), Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі), Рахат Сейітжан (67 келі), Сабыржан Аққалықов (71 келі), Диас Молжігітов (75 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі), Темірлан Мұқатаев (86 келі), Данияр Рахымбердиев (92 келі) пен Дамир Тойбай (92 келіден жоғары) бар.

Өткен жылы қазақстандық боксшылар аталған турнирден 9 медаль олжалап қайтты: 6 алтын, 3 қола. Осылайша жалпы есепте ел құрамасы бірінші орынға табан тіреді.

Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық боксшылар WBA рейтингінің үздік бестігі мен ТОП-10-дығына енді.