Халық Президентті қолдайды

Халық Президентті қолдайды
almaty-akshamy.kz

Бұл сайлаудың нәтижесі көпшілік күткендей болды. Қалған үміткерлер - еңбек адамдары, бірақ оларды осы күнге дейін халық біле бермейтін. Әрбір сайлау – бұл көп нәрсені үйренуге көмектесетін белгілі бір сабақ.

Сайлауда заңбұзушылықтар болған жоқ, мұны әртүрлі ұйымдар мен бақылаушылар да растады. Сондай-ақ, халықаралық бақылаушылардың мұндай маңызды шараға қатысқаны қуантады, мен бұған өзім куә болдым. Дегенмен, республика бойынша кішігірім жеке қателіктер болғанын да айта кеткен жөн.

Өкінішке қарай, бұл күні алматылықтарда мерекелік көңіл-күй байқалмады. Алматылықтардың көпшілігі сайлау процесіне қатысқан жоқ, біздің қала тұрғындары ел бойынша белсенділігі төмен сайлаушылар тізімінде болды. Сондай-ақ, сайлау кезінде оппозиция өкілдерінен үміткер болмағаны өте өкінішті. Оппозиция болуы барлық елдерге тән.

Енді Президент өз бағдарламасын ұстануы керек, халық оны қолдайды. Біз барлық салаларда оң нәтижеге қол жеткіземіз деп сенеміз және Қасым-Жомарт Кемелұлын құттықтай отырып, түбегейлі өзгерістерге үміттенеміз. Қазір ауылдың әл-ауқаты алаңдатады. Сондай-ақ, ел экономикасындағы мәселелерді айналып өтуге болмайды. Мемлекет басшысы халықтың әл-ауқатына қатысты сұрақтарда неғұрлым нақты шаралар қолдануы қажет. Президенттік сайлаудан кейінгі алғашқы өзгеріс – парламенттік сайлау. Менің ойымша, жаңа жылдан кейін бұл мәселе шешіледі. Парламентті өзгерту, партиялармен, қоғамдық ұйымдармен және оппозициялық қозғалыспен жұмысты қайта қарау қажет.