Шешуші кезең болады

Шешуші кезең болады
almaty-akshamy.kz

Сайлау қорытындысы болжамдарға сәйкес болды. Өйткені, Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарсыластары әлсіз екенін барлық сарапшылар да айтқан.

Сайлаудан кейін қандай реформалар күтеміз? Бүгінгі таңда күш құрылымдарын ғана емес, сот жүйесін де реформалау қажет. Ең алдымен, қоғамды ішінен құртатын сыбайлас жемқорлықпен күресу керек. Халық Мемлекет басшысына сенім білдірді, сондықтан біз одан ел тыныштығын бұзуды мақсат тұтатындарға қатысты нақты әрекеттер мен қатаң шаралар қолданады деп күтеміз.

Халық ең алдымен экономика саласындағы реформаларды күтеді.  Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру қажет. Азаматтардың Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенуі қажет. Бұл сайлау Жаңа Қазақстанның құрылысындағы шешуші кезең болады деп үміттенеміз. Сондай-ақ, білім, ғылым жүйесі түбегейлі реформалауды қажет етеді. Білім саласында не болып жатқанын қарайық. Шет мемлекеттер кеңестік білім беру жүйесіне көшіп жатса, біз үнемі түсініксіз жаңалықтар енгізіп келеміз. Ауыл шаруашылығы саласында да былық көп, мұның бәрі ақшаны тиімсіз шашуға әкеледі. Осыдан ауыл шаруашылығы саласында да реформалар қажет екенін түсінеміз.

"БАҚ туралы" заңға да байыпты түзету қажет. Бұрын барлық бұқаралық ақпарат құралдары партия органдарына бағынатын, қазір технология дәуірінде көптеген жеке БАҚ өкілдері пайда болды, баспасөздің беделі төмендеп, таралымдары да азаюда, ал журналистиканың үздік мамандары PR индустриясына кетіп жатыр. Бұл жұмыстар бір күндік емес, ұзақ уақытты талап ететіні түсінікті. Қ.Тоқаевтың алдағы жеті жылға арналған жұмысы өте көп. Оның барлық жоспарлары орындалады деп үміттенеміз.