«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша Медеу ауданында 30 жоба іске асырылады

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша Медеу ауданында 30 жоба іске асырылады
Сурет: Vlast.kz

Ауданда жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бойынша жұмыстар жалғасуда.

Бұл жөнінде Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Медеу ауданы тұрғындарымен өткен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Өткен жылы Оқушылар сарайының жанындағы скверді абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары аяқталды. Мемлекеттік музейдің жанындағы скверді реконструкциялау жұмыстары жалғасуда. Құрылыс-монтаждау жұмыстары осы жылдың сәуір айының соңына дейін аяқталады», - деді қала басшысы.

2022 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 19 жоба іске асырылды, сонымен қоса 20 аула мен Кіші Алматы өзенінің жағалауы абаттандырылды.

Биыл осы бағдарлама бойынша 30 жоба, оның ішінде аула аумақтарын жөндеу, қоғамдық орындарды абаттандыру және қазып орнатылатын контейнерлерді салу жобалары іске асырылады.