Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов дауыс берді

Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов дауыс берді
Сурет: Сайлау 2023 ТГ

Актер жауапкершілік дегеннің бәрі осы сайлауға келуден басталады дейді.

Алматыда Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов дауыс берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Ел болуы үшін өз мемлекетімізге немқұрайлы қарамауымыз керек. Өз мемлекетіміздің өсуі, экономикалық тағдыры сынды тағы да басқа жағдайлардың бәріне қазақстандықтардың атсалысуы өте маңызды. «Күл болмасаң, бүл бол» деген жаман мақал. Өз елімізге жанымыз ашымаса, өз еліміздің өсіп-өркендеуін көргіміз келмесе, онда не керегі бар?  Ұлттық намыс деген болады, патриоттық сезім деген болады, ұлтқа деген үлкен жанашырлық болады, ертеңімізге Жәй әншейін нәрсе емес бұл, өте жауапты науқан», – деп пікір білдірді Т.Жаманқұлов.