Кейбір вагондарда неліктен кондиционер жоқ?

Кейбір вагондарда неліктен кондиционер жоқ?
Сурет: Tengrinews.kz

Мұның себебін ҚТЖ айтты. 

Жолаушыларды тасымалдау қызметтерін «Жолаушылар тасымалы» АҚ-дан басқа 14 жеке тасымалдаушы көрсетеді.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жалпы парк вагондарының 78%-ы ауаны баптау жүйесімен жабдықталған. Вагон жасаушы зауыттың конструкциясы бойынша вагон паркінің 22% ауа баптау жүйесі қарастырылмаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап. 

«Мұндай вагондарда апаттық жағдайларда ашылатын және жолаушыларды, багажды, жүк багажды және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау ережелері мен техникалық пайдалану ережелерінің барлық талаптарына сәйкес келетін апаттық купелерден басқа барлық купелерде терезе ашу мүмкіндігі бар. Ауаны баптау жүйесі жоқ вагондар алдағы жылдары олардың қызмет ету мерзіміне сәйкес алып тасталады», - делінген «Жолаушылар тасымалы» АҚ ақпаратында.

Барлық заманауи вагондар ауа баптағыштармен жабдықталған. Былтыр «Жолаушылар тасымалы» АҚ мен «Стадлер Қазақстан» ЖШС арасында 2025 жылдан 2030 жылға дейін ауаны баптау, бейнебақылау жүйелерімен, экологиялық таза дәретхана кешендерімен, электр розеткаларымен және кіріктірілген USB шығыстарымен жабдықталған 537-ден астам жоғары технологиялық вагондарды жеткізу туралы ұзақ мерзімді шарт жасалды.

Айта кетейік, Қазақстанда жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметтерді «Жолаушылар тасымалы» АҚ-дан басқа 14 жеке тасымалдаушы көрсетеді.