Кеше 49 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Кеше 49 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сурет: Ашық дереккөзі

1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр

Өткен тәулікте 49 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

3 қарашадағы мәлімет бойынша, 840 адам коронавирус инфекциясынан (–690+ және 150 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 72 пациент стационарда, 768 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 5 адамның жағдайы ауыр,
• 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.