Кеше 25 адамнан коронавирус анықталды

Кеше 25 адамнан коронавирус анықталды
Сурет: Ашық дереккөз

2 адамның жағдайы ауыр

Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирусқа шалдыққандар статистикасын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Оған сәйкес, 23 сәуірде 25 адамнан коронавирус табылған.

Одан бір күн бұрын 34, ал оның алдыңғы күні 86 қазақстандық аталмыш індетпен ауырған еді.

24 сәуірдегі мәлімет бойынша, 1 309 адам коронавирус инфекциясынан (–1 153+ және 156 КВИ-) емделіп жатыр.

Оның ішінде 156 пациент стационарда, 1 153 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ-ге шалдыққандардың арасында 2 адамның жағдайы ауыр.