Кеше 18 адамнан коронавирус анықталды

Кеше 18 адамнан коронавирус анықталды
Сурет: Ашық дереккөз

840 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда

Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирус жұқтырғандар туралы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Оған сәйкес, өткен тәулікте 18 адам коронавирус жұқтырған.

Қазір 949 адам коронавирус инфекциясынан (–818+ және 131 КВИ-) емделіп жатыр.

Оның ішінде 109 пациент стационарда, 840 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында 4 адамның жағдайы ауыр, 2 пациенттің жағдайы өте ауыр, бір науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.