Келесі жылы ең төменгі жалақы өсетін болды

Келесі жылы ең төменгі жалақы өсетін болды
Сурет: Inbusiness.kz

Ашық НҚА» порталында «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңның жобасы жарияланды.

Құжатта 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақының ең төменгі мөлшері 60 000 теңге болатыны айтылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ал мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 19 450 теңге болады деп көрсетілген.

Талқылау үшін жарияланған заң жобасына сәйкес, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап:
- жалақының ең төмен мөлшерi – 60 000 теңге;
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері –  19 450 теңге;
-  зейнетақының ең төмен мөлшерi – 46 302 теңге;

Заң жобасының талқылау мерзімі 2021 жылдың 6 қазанына дейін жалғасады.