Биыл Түрксіб ауданында 1 500 орындық мектеп жұмысын бастайды

Биыл Түрксіб ауданында 1 500 орындық мектеп жұмысын бастайды
Сурет: Gov.kz

Әкімдік Түрксіб ауданының әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударады.

Аудандағы оқушы орындарының тапшылығы қаладағы ең төменгі көрсеткіштердің бірі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

 1748 орын тапшы, бұл -  Алмалы ауданынан кейінгі ең төменгі көрсеткіш

«Ауданда құрылыс қарқынды жүріп жатқандықтан, біз жаңа мектептер салып, бар мектептерді мүмкіндігінше кеңейтуге ниеттіміз. Өткен жылы «Қайрат» шағынауданында 1 500 орындық №211 мемлекеттік мектеп-гимназия салынып бітті. Ол өз жұмысын қыркүйек айында жаңа оқу жылынан бастайды», - деді қала әкімі Ерболат Досаев. 

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде осы жылдың II жартыжылдығында Түрксіб ауданында 6 400 орындық 4 мектептің құрылысы басталады. Жұмыстар келесі жылы IV тоқсанда аяқталады. Сондай-ақ 1050 орындық 2 мектепке қосымша ғимарат салу (450 орындық №195 орта мектеп, аяқталуы – 2023 ж. қыркүйек, 600 орындық №198 орта мектеп, аяқталуы – 2023 ж. қыркүйек), №83 гимназия филиалын реконструкциялау (басталуы – 2023 ж. ақпан, аяқталуы –2023 ж. қазан) және № 50 орта мектеп ғимаратын сейсмикалық күшейту жобалануда (басталуы – 2023 ж. ақпан, аяқталуы – 2023 ж. желтоқсан).

Қазіргі уақытта №70 арнайы балабақша ғимаратын сейсмикалық күшейту жұмыстары аяқталуда, ашылуы II тоқсанға жоспарланған. Осы жылдың соңына дейін «Қайрат» шағыауданындағы 260 орындық мемлекеттік балабақшаның құрылысы аяқталады.