Kcell жыл соңына дейін Қазақтелеком құрамынан шығарылады

Kcell жыл соңына дейін Қазақтелеком құрамынан шығарылады
Сурет: Kursiv.media

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жыл соңына дейін Kcell «Қазақтелеком» Акционерлік қоғамы құрамынан шығарылатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Kcell-ді шығару бойынша дедлайн қандай? Бір жағынан 5G болмаған кезде оны ешкім сатып алмады, тиімсіз еді. Қазір бағасы арта түседі», - деп сұрады БАҚ өкілі министрден.

«Мен «Самұрық-Қазына» АҚ-ның алдына қандай мерзім қойсам да, қызығушылық танытқан ойыншының баға мен сатып алынатын активтің сәйкестігін тексеру рәсімінсіз «Самұрық-Қазына» due diligence бойынша жұмыс жүргізбейді. Біз Үкіметтің атынан жыл соңына дейін операторлардың бірін «Қазақтелекомның» құрамынан шығару туралы міндет қойдық. «Самұрық-Қазына»-ның ақпараты бойынша, қазір екі қызығушылық танытқан ойыншы due diligence рәсімінен өтіп жатыр. Қазір біз олардың кім екенін айта алмаймыз», - деді Бағдат Мусин бүгін Үкімет отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында.