«Қазгидромет» тәулік бойы жұмыс режиміне көшті

«Қазгидромет» тәулік бойы жұмыс режиміне көшті
Сурет: Gov.kz

2024 жылғы 8 сәуірден бастап су тасқыны қаупінің жоғары болуына байланысты Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің гидрологиялық және ілеспе департаменттері тәулік бойы жұмыс режиміне ауыстырылды.

«Қазгидрометтің» барлық жердегі бақылау желісіндегі бақылаушылар, синоптиктер мен гидрологтар 24/7 кесте бойынша тұрақты негізде жұмыс істеді, енді оларға кәсіпорынның басшылығы, болжамды және ақпараттық қызметтері қосылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қазақстанның барлық облыстарында орналасқан барлық 15 филиалдан келіп түсетін ақпаратты өңдеу және талдау қазір тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Қазір Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында су тасқыны қаупі әлі де сақталып отыр. Су объектілерін бақылау жылдам режимге ауыстырылды, нақты деректер үнемі өңделеді. Барлық дайын ақпарат мемлекеттік және жергілікті органдарға тәулік бойы келіп түседі», делінген хабарламада.