Ауызашардан артылған ас тыңайтқышқа айналады

Ауызашардан артылған ас тыңайтқышқа айналады
Сурет: Islam.kz

Малайзияның Паханг штатының билігі ас қалдығын тыңайтқышқа айналдыру бастамасын жүзеге асыруға кіріседі.

Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде AFP ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жамағат болып ауыз ашатын үлкен мешіттердің кіреберістеріне, сондай-ақ, отбасымен ауызашарға жиналатын саябақтарға жылжымалы қоқыс өңдеу машиналары орнатылды. Әрбір осындай машина тәулігіне 25 келі тамақ қалдықтарын өңдей алады. Әзірге бұл көрсеткіш күн сайын Малайзиядағы қоқыс полигондарына кететін 13 000 тонна желінбеген азық-түлікпен салыстырғанда аз. Ысырапшылдықпен күресудегі игі бастама уақыт өте келе ел аумағында жаппай қолданылуы мүмкін. Ал бұл жайт елдің экологиялық ахуалына оң әсерін тигізіп, экономикалық тиімді жобаға жол ашады: арзан тыңайтқыш алудың әдісі ретінде. Өзгеше бастаманы қатты қалдықтарды өңдеу мен қоғамдық жинастыру корпорациясы көтерген болатын. Құрылғы 48 сағат ішінде азық-түлік өнімдерінің қалдыңын өңдейді, содан кейін ол оралған түрде дайын тыңайтқыштарды шығарады, одан ары тыңайтқыштар фермерлерге жөнелтіледі.