«ҚазАвтоЖолдың» экс-төрағасы қамауға алынды

«ҚазАвтоЖолдың» экс-төрағасы қамауға алынды
Сурет: ҚазАвтоЖол

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқармасының экс-төрағасы Асқар Мұратұлын Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті ұстады.

Асқар Мұратула екі айға қамауға алынды.

«Бір көзден алу тәсілімен заңсыз мемлекеттік сатып алу жолымен аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлауды жасады деген күдікпен Астана қаласы бойынша АФМ департаменті Бас көлік прокуратурасының келісуімен «ҰК «ҚазАвтоЖол» АҚ басқарманың бұрынғы төрағасын Асқар Мұратұлы ұсталды» делінген ҚМА хабарламасында.

Сот күдіктіге қатысты екі ай мерзімге «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Асқар Мұратұлы 2021 жылдың сәуірінен 2022 жылдың ақпанына дейін «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясын басқарды