ҚазАвтоЖол жүргізушілерге ескерту жасады

ҚазАвтоЖол жүргізушілерге ескерту жасады
almaty-akshamy.kz

Еліміздің автожолдарында тұман түсіп, көктайғақ болады

Қостанай, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Ақмола облыстарында және Астана қаласында қалың тұман түседі. Тұман салдарынан автожолдарда көріністің шектелу қаупі бар.

Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында қар аралас жаңбыр жауып, көк тайғақ болады деп болжанады.

Құрметті республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылар!

Қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережесін қатаң сақтап, ұзақ жолға шығар алдында ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз.