«ҚазАвиаҚұтқару» ұшқыштары ақыры жұмыстан кететін болды

«ҚазАвиаҚұтқару» ұшқыштары ақыры жұмыстан кететін болды
Сурет: Nur.kz

Бұл туралы біз бұрын да хабарлағанбыз.

1 мамырдан бастап олар жаппай жұмыстан кетеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

1 айға жуық уақытта қос тарап бір мәмілеге келе алмапты.

Ұшқыштар осыған дейін ұжымда қалыптасқан жағдайды «катастрофа» деп бағалап, бас директордың атына хат жазған еді.

Олар "компанияда ұшу қауіпсіздігіне дұрыс мән берілмейді, ұжымдағы моральдық және психологиялық рух төмен, басшылық мәселелерді шешуге құлықсыз, ал айлық аз" деп шағымданған.

Мекеме басшылығы "ұшқыштардың талаптарын естідік, мүмкіндігінше орындауға тырысамыз" деп уәде бергенімен, мәселе шешілмеген сыңайлы.