"Қазақтардың арғы атасы қытайлар" екенін айтқан қарағандылық әйел істі болды

"Қазақтардың арғы атасы қытайлар" екенін айтқан қарағандылық әйел істі болды
Сурет: Vko.sud.kz

Әйелдің жеке басы анықталып, "Тіл тигізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды

Бұл туралы Қарағанды облысы Полиция департаменті хабарлады, дейді Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

– Тексеріс кезінде әйелдің жеке басы анықталды. Бұл факт ҚР ҚК 131 бабы "Тіл тигізу" бойынша қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық белгілерімен Қарағанды қаласы Орталық полиция бөлімінде ақпаратты тіркеу кітабында тіркелді, – делінген полиция таратқан хабарламада.

Материал тиісті шара қабылдау үшін Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотына жолданды.