Қазақстанның ұлттық төлқұжатымен 31 елге визасыз баруға болады

Қазақстанның ұлттық төлқұжатымен 31 елге визасыз баруға болады
Сурет: Qaz365.kz

Ел тұрғындары ұлттық төлқұжатпен әлемнің 195 елінің 31-іне визасыз сапарлай алады.

Ал 6 ел қазақстандықтарға визаны ұшып барған кезде, әуежайда береді. Атап айтқанда, әуежайға жеткеннен кейін виза беретін елдердің қатарында Мысыр, Замбия, Маврикий, Намибия, Сейшел аралдары мен Тайланд бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазақстандықтар Өзбекстанға барып, сол мемлекеттің аумағында 5 күннен астам болған жағдайда, ал Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстанда 30 күннен астам болған жағдайда құзыретті органдарда тіркелуге міндетті. Қазақстан азаматтарына Аргентина, Бразилия, Малайзия, Мальдив Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктеріне 30 күнге дейін, Ресей, Украина, Түркияда 90 күнге дейін визасыз сапарлауға болады.