Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсынов Алматыда өз кандидатын таңдады

Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсынов Алматыда өз кандидатын таңдады
Сурет: Almaty-akshamy

Eліміз үшін ең маңызды күндердің бірі.

Алматының №622 сайлау учаскесінде дауыс берген Қазақстанның халық әртісі, кино және театр актері, кинорежиссер Досхан Жолжақсынов қазақстандықтарды белсенді болуға шақырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қадірлі ағайын, бүгінгі күн – мемлекетіміз үшін, еліміз үшін ең маңызды күндердің бірі. Біз ата-бабамыздың аманатын арқалаған елміз. Келешек ұрпақтың арман-мүддесіне жауапты елміз. Сондықтан келіп, өз үміткерлеріңізді таңдаңыздар, дауыс беріңіздер! Мен де өз даусымды бердім», – деді Д.Жолжақсынов.