Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады
Сурет: Wikiquote.org

Солтүстік антициклонның әсері болады. 

«Қазгидромет» мамандары 1-3 қазан күндері ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Солтүстік антициклон жотасы ықпалымен Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, ашық болады. Тек еліміздің батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтары фронттардың әсерінде болады, жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

 «Түнгі уақытта республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі. Елдің батысы мен оңтүстігінде жел күшеюі ықтимал», - делінген синоптиктердің хабарламасында. 

Жалпы, Қазақстан бойынша ауа температурасының жоғарылауы мүмкін: күндіз еліміздің батысында негізгі фон 17-28 градус жылы, солтүстік-батыста 5-18 градус жылыдан 8-23 градус жылыға дейін, солтүстікте 0-8 градус жылыдан 2-11 градус жылыға дейін аздаған жоғарылауы болжанады, орталықта 3-15 градус жылы, шығыста 0-8 градус жылыдан 2-10 градус жылыға дейін аздаған жоғарылауы күтіледі, оңтүстікте негізгі фон 10-22 градус жылы,  оңтүстік-шығыста 7-13, таулы аудандарда 2 градус жылыдан 12-18 градус жылы, таулы аудандарда 9 градус жылыға дейін жоғарылауы күтіледі.