Қазақстаннан Ресейге 17 тонна насыбай апарған көлік ұсталды

Қазақстаннан Ресейге 17 тонна насыбай апарған көлік ұсталды
Сурет: Dengi.informator.ua

Жүк көлігінің тіркемесінен 500 қап жасыл түсті ұнтақ табылды.

Жүк көлігі Бугристое халықаралық автожол бақылау бекетінің маңында тоқтатылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz РФ Федералдық кеден қызметіне сілтеме жасап.

Челябі кеденінің мобильді тобы Қазақстаннан заңсыз әкелінген 17 тонна насыбайдың жолын кесті.

Жүк көлігі Бугристое халықаралық автожол бақылау бекетінің маңында тоқтатылды.  Ауыр жүк көлігінің тіркемесінен 500 қап жасыл түсті ұнтақ табылды.

"Құжаттарға сәйкес, көлік Қырғызстаннан Челябіге барып, ағаш күлі мен темекі шикізатын тасымалдаған. Алушының айтуынша, ол бақша өсімдіктеріне тыңайтқыштарға тапсырыс берген", - делінген хабарламада.