Қазақстанға «Ланъя» келген жоқ

Қазақстанға «Ланъя» келген жоқ
Сурет: Zakon.kz

Бұл – зоонозды инфекция, яғни вирус, адамға ауру жануарлардан жұғады.

Жан-жануарлар арқылы таралатын «Ланъя» жаңа генипавирусы Қазақстанда тіркелген жоқ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

ВАК мәліметіне сәйкес, «Ланъя» вирусы алғаш рет осыдан төрт жыл бұрын геномдық зерттеу нәтижесінде анықталған. Кейін екі жыл ішінде Қытайдың қос провинциясында тағы 35 адамның осы вирусты жұқтырғаны белгілі болды. Науқастарда дене қызуы, шаршағыштық, жөтел, миалгия, жүрек айну, бас ауруы, тәбеттің болмауы сияқты белгілер байқалады.

Вирусқа антиденелер үй жануарларында – ешкілер мен иттерде анықталды. Жабайы табиғатта вирус шіркейлерде кездеседі.