Автобөлшектер бағасы жылдан жылға өсуде

Автобөлшектер бағасы  жылдан жылға өсуде
Сурет: Azattyq-ruhy.kz

Оған себеп - автокөліктің қосалқы бөлшектері мен техникалық қызмет көрсету бағасы жылдан жылға өсуі.

Бір жылдың өзінде бұл қызметтің құны 15 пайызға көтерілген. Өңірлер арасында, әсіресе Ақтөбе облысында өсім байқалады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Мұнда көлікті жөндеу жұмыстары 72 пайызға, ал керек-жарақ 20 пайызға қымбаттаған. Авто жөндеуге қажетті құрылғылар бағасы Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласында да айтарлықтай өскен. Жалпы соңғы жарты жылда қазақстандықтар бұл қызметке 83 млрд теңге жұмсапты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 40 пайызға көп.