Қазақстандықтардың ЕуроОдақ елдеріне кіруі жеңілдеуі мүмкін

Қазақстандықтардың ЕуроОдақ елдеріне кіруі жеңілдеуі мүмкін
Сурет: Turkystan.kz

Сыртқы істер министрлігі ресми өкілінің айтуынша, одаққа кіретін елдердің басшыларымен осы сұрақ талқыланып жатыр.

Келісімдер сәтті аяқталса, визалық режим жұмсаруы мүмкін. Яғни талаптардың біразы алынады деген сөз, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұдан бөлек, біздің елде білім алып жатқан ауғанстандық студенттер туралы айтылды. Негізі бұл бұрыннан бар бағдарлама, тек сол елдегі жағдайға байланысты уақытша тоқтатылған. Ресми өкіл ауған жастары Біріккен ұлттар ұйымының үйлестіру бағдарламасы аясында оқып жатқанын жеткізді.

«Ол біздің жоғарғы оқу орындары. Бірақ қаражат толығымен Еуропалық одақтың қаражаты. Сондықтан Еуропалық одақ төлейді. Бірақ біздің жоғарғы оқу орындарында сол қаражат қалады. Ал көбісі түсінбей, оны біздің үкімет төлеп жатыр деп наразылық білдіріп жатыр», - деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.