Қазақстандықтар табысының ең көп үлесін ет пен нанға жұмсайды – статистика

Қазақстандықтар табысының ең көп үлесін ет пен нанға жұмсайды – статистика
Сурет: Ашық дереккөзі

Ақмола облысы ет өнімін ең көп тұтынатын аймақ

Қазақстандықтар табысының ең көп үлесін ет және ет өнімдеріне, нан мен жарма өнімдеріне жұмсайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2022 жылғы II тоқсанда былтырғы осындай кезеңмен салыстырғанда азық-түлік өнімдерінің барлық негізгі топтары бойынша тұтыну көрсеткіштері төмендеген.

Қазақстандықтардың азық-түлік өнімдерін сатып алуға кеткен қаражатының көп үлесі өткен жылғыдай ет және ет өнімдеріне (17%), нан мен жарма өнімдеріне (7,9%) тиесілі.

Ет және ет өнімдерін ең көп Ақмола облысында тұтынатын болса, ең аз тұтынатын өңір – Шымкент қаласы.