Қазақстандықтар президент сайлауы өтетін күні шетелде дауыс бере алады

Қазақстандықтар президент сайлауы өтетін күні шетелде дауыс бере алады
Сурет: Gov.kz

20 қарашада әлемнің 53 елінде 68 сайлау учаскесі ашылады.

Бұл белгілі себептермен сайлау күні шетелде болатын отандастарға қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі азаматтардың Қазақстанның дипломатиялық немесе консулдық өкілдігіне хабарласып, өкілділік жанынан құрылған сайлау учаскесіне бара алатынын мәлімдеді. Шетелдік өкілдіктерде дауыс беру сайлау күні – 20 қарашада жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін өтеді. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі алдын ала жақын жердегі сайлау учаскесіне хабарласып, тізімдерге енгізу үшін мәліметтер беруді сұрайды.

«Түркия республикасында 3 сайлау учаскесі ашылады. Анкара, Стамбул және анталия қалаларында. Бұл учаскелер жергілікті уақыт бойынша сағат таңғы 7-ден кешікі 8-ге дейін жұмыс істейді. Азаматтарымыз Түркияда жүрген дауыстарын осы учаскелерде бере алатын болады», - № 286 сайлау учаскесі комиссиясы төрағасының орынбасары Асан Мажитов.