Қазақстандықтар еgov порталындағы заңдарға ұсыныс енгізе алады

Қазақстандықтар еgov порталындағы заңдарға ұсыныс енгізе алады
Сурет: Еgov.kz

Жаңа тетік халықтың пікірін ескеруге мүмкіндік береді.

Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, қазақстандықтар Egov порталындағы «Ашық НҚА» заң жобаларына өз ұсынысын енгізе алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Енді құжаттарды порталда көрсеткенде нормативтік құқықтық актілердің (НҚА) статусын көрсететін «Жоба» арнайы батырмасы пайда болды. Бұл Әділет министрлігі және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірлескен технологиялық шешімдерінің нәтижесінде іске асты. Осылайша, қазақстандықтар еgov порталындағы «Ашық НҚА» заң жобаларына өз ұсынысын енгізе алады, - деді Талғат Уәли.

Оның айтуынша, бұған дейін «Ашық НҚА» порталында Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте жарияланған түзетулерде жылдамдық режимін асырғаны үшін айыппұл мөлшерін ұлғайту ұсынылған.

«Алайда халық бұл мәселе халықпен жеткіліксіз деңгейде талқыланғандығы туралы сын айтты. Осыған байланысты порталға жаңа мүмкіндік енгізілді», - деді ресми өкіл.