Баландин бапкер болады

Баландин бапкер болады
Сурет: Egemen.kz

Олимпиада чемпионы бапкерлік жұмысқа ауысты.

Рио-де-Жанейро Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин өз мансабын аяқтап, бапкерлік жұмысқа ауысты. Бұл туралы ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметінің хабарласынан белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қыркүйектің 21 күні ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев қазақстандық спортшы, жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин және ҚР Ұлттық құрамасының бас бапкері Илья Гусаковпен кездесті.

«Олимпиаданы бағындырған спортшылар осы бағыттан алыстамай, Қазақстандағы спорттың дамуына одан әрі үлес қосуы керек. Спортқа енді аяғын басып келе жатқан жастардың жаттықтырушысы атану ниетіңіз қазақстандық спорттың сізге қаншалықты маңызды екенін көрсетеді деп санаймын. Біз өз тарапымыздан сізге қолдау көрсетуге дайынбыз»,- деді Комитет басшысы. 

Дмитрий Баландин - 200 метр қашықтыққа жүзуден Рио-де-Жанейро Олимпиада чемпионы, Азия ойындарының 3 дүркін чемпионы, Универсиада-2015 жеңімпазы. 50, 100 және 200 метр қашықтықта Қазақстанның рекордшысы. Жүзуден олимпиадалық алтын медальді жеңіп алған тұңғыш қазақстандық.