Қазақстандық жігіт Таиландта көз жұмды

Қазақстандық жігіт Таиландта көз жұмды
Сурет: Dreamstime.com

Бұл туралы оның әпкесі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Сыртқы істер министрлігі теңізге батып кете жаздаған 24 жастағы Қазақстан азаматының Таиланд ауруханаларының бірінде көз жұмғанын растады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Артур Таиландқа қалыңдығымен бірге демалуға барған. Олар шомылып жүргенде толқын көтеріліп, қалыңдығы суға бата бастаған. Жігіт қалыңдығын құтқарғанымен, өзі толқын астында қалып қойған.

Ол сол елдегі ауруханаға жатқызылған. Жігіттің әпкесі інісін елдегі ауруханаға жеткізу үшін сыртқы істер министрлігінен көмек сұраған болатын. Сыртқы істер министрлігі жерлесімізді елге жеткізу үшін қазақстандық дәрігерлердің консилуим қорытындысы қажет екенін мәлімдедеген еді.