Түркияның министрлер кабинеті толық ауысты

Түркияның министрлер кабинеті толық ауысты
Сурет: Rt.com

Эрдоған өзінің инаугурациясында жаңа үкімет мүшелерін таныстырды.

Үшінші президенттік мерзімге сайланған Түркия басшысы Реджеп Тайип Эрдоған, елдің министрлер кабинетін толық дерлік ауыстырып тастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Осылайша, экономика, сыртқы істер, ішкі істер, қорғаныс министрлері, тағы басқалары да ауысты. Ал өзі алдағы бес жылда Түрік Республикасының абыройы мен даңқын асқақтату үшін және күллі әлемге таныту үшін, бар күшін салатынын мәлімдеді.

Реджеп Тайып Эрдоғанды ұлықтау салтанатына 78 мемлекеттің өкілі, оның ішінде жиырма президент қатысқан.