Қазақстандық теннисшілер Үндістандағы жарыстың жартылай финалына өтті

Қазақстандық теннисшілер Үндістандағы жарыстың жартылай финалына өтті
Сурет: Elorda.info

Жарыс Үндістанның Пуна қаласында өтіп жатыр.

Қазақстандық тенннисшілер Жібек Құламбаева мен Гөзал Айнитдинова жұптық сында Үндістанның Пуна қаласында өтіп жатқан ITF W40 турнирінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сілтеме жасап. 

Қазақстандық жұп ширек финалда жарыстың 4-ракеткалары, өзбекстандық Нигина Абдураимова – тайбэйлік Ен-Шу Лангпен шеберлік байқасты.

Өзбекстандық-тайбэйлік дуэт бірінші партияда 6:2 есебімен басым түсті. Алайда екінші сетте 1:2 есебімен ұтылып жатқан сәтте матчты жалғастырудан бас тартты.