Қазақстандық теннисші ITF W25 жарысының жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші ITF W25 жарысының жартылай финалына шықты
Сурет: 24.kz.

Гөзал Айнитдинова әлемдік рейтингіде 434-орында келеді.

Қазақстандық Гөзал Айнитдинова жұптық сында Үндістанда өтіп жатқан ITF W25 жарысының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Гөзал үндістандық Зил Десаимен бірге ширек финалда таиландтықтар Луксика Кумхум - Пеангтарн Плипуекпен ойнауы керек еді.

Әйтсе де олар кортқа шықпай қалды.

Алғашқы айналымда қазақстандық-үндістандық жұп жергілікті теннисшілерді тізе бүктірді - 6:1, 6:0.

Г.Айнитдинова мен З.Десайдың жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады. 

Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингіде 434-орында келеді. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Истборн турнирінің ширек финалына өткенін жазған болатынбыз. Сондай-ақ қазақстандық теннисші Сербиядағы ширек финалға шықты.