Қазақстандық спортшы батуттық гимнастикадан тұңғыш рет әлемдік рейтингте топ жарды

Қазақстандық спортшы батуттық гимнастикадан тұңғыш рет әлемдік рейтингте топ жарды
Сурет: instagram.com/kazgymfederation

Тарихи оқиға 

Қазақстанның батуттық гимнастикасы тарихында тұңғыш рет Данил Мұсабаев Әлем кубогы кезеңдерінің қосындысы бойынша әлемдік рейтингте бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Қазақстан гимнастика федерациясының мәліметінше , Данил 153 ұпай жинап, гимнасттардың әлемдік рейтингінде көш бастады. Екінші орында португалиялық Диого Абреу (144), үшінші орында жапониялық Рюсей Нишиока (120) иеленген.

«Сонымен қатар Мұсабаевтың жеке бапкері, Қазақстан құрамасының бас бапкері Вертянкин Сергей Владимировичті құттықтаймыз!
Сондай-ақ жуырда ғана Вертянкин Сергей Владимировичтің батут гимнастикасынан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағын алғанын айта кету керек, бұл да біздің спорт үшін тарихи оқиға болды», - деп жазды федерация.