Қазақстандық полицей қыз әлем чемпионатында жеңімпаз атанды

Қазақстандық полицей қыз әлем чемпионатында жеңімпаз атанды
Сурет: polisia.kz

14-17 шілде күндері Астана қаласында ересектер арасында белбеу күрестен әлем чемпионаты өтті.

Сайысқа 10 мемлекеттен 350-ден астам спортшы қатысты. Әлемдік додада Қазақстанның намысын қызылордалық полицей қыз қорғады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы саптық бөлінісінің инспекторы Арайлым Оразбай 76 келі салмақ дәрежесінде бақ сынасты. 

Ол 5 елдің спортшыларымен күресіп, нәтижесінде финалдық кездесуде өзбекстандық қарсыласын аса басылымдықпен жеңіп, табандылық пен жеңіске деген мұқалмас ерік-жігер көрсетті.