Қазақстандық еркін күрес балуандары халықаралық турнирде 11 медаль жеңіп алды

Қазақстандық еркін күрес балуандары халықаралық турнирде 11 медаль жеңіп алды
Сурет: Olympic.kz

Қазақстандық еркін күрес балуандары Бухарестте (Румыния) өткен халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті.

Халықаралық спорт додасында ел спортшылары 11 жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Алтын медальды Данияр Қайсанов (74 келіге дейін) және Әділет Дәулімбаев (92 келіге дейін) жеңіп алды.

Екінші орынды еншілеген Абзал Өкенов (57 келіге дейін), Жігер Зәкіров (79 келіге дейін), Юсуп Батырмұрзаев (125 келіге дейін) күмістен алқа тағынды.

Үшінші орынды Дәулет Ергеш (79 келіге дейін), Бейбарыс Нұрыллаұлы (79 келіге дейін), Ислямбек Ислямов (86 келіге дейін), Бекзат Үркімбай (97 келіге дейін), Серік Бақытханов (92 келіге дейін), Олег Болтин (125 келіге дейін) иеленіп, қола медальды қанағат тұтты.