Қазақстандық боксшы ММА жекпе-жегінде 67 секундта жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы ММА жекпе-жегінде 67 секундта жеңіске жетті
Сурет: Sports.kz

Жекпе-жек Алматыда өтті

Алматыда аралас жекпе-жектен Octagon 34 турнирінде қазақстандық Райымбек Асан (1:0) мен тәжік боксшысы Әли Шоев (1:1) арасында жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл жекпе-жек жеңіл салмақ дәрежесінде өтті және үш раундқа жоспарланған. Нәтижесінде Асан қарсыласын бірінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіп шықты. Қазақстандыққа ол үшін небары 67 секунд қажет болды.
Осылайша, Райымбек Асан кәсіпқой ММА мансабындағы екінші жекпе-жегінде жеңіске жетсе, Әли Шоев екінші рет жеңіліске ұшырады.