Қазақстандық ауыр атлет жасөспірімдер арасында Азия чемпионы атанды

Қазақстандық ауыр атлет жасөспірімдер арасында Азия чемпионы атанды
Сурет: Elorda.info

Өзбекстанда өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қазақстандық жас зілтемірші Әлішер Байбуров алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл туралы Қазақстан ауыр атлетика федерациясы Instagram парақшасында мәлім еткен.

«Бүгінгі жарыс күні біздің спортшыларға тамаша жеңістерді әкелді. Әлішер Байбуров 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Азия чемпионы және 20 жасқа дейінгі жастар арасында Азия біріншілігінің күміс жүлдегері атанды. Әлішер «жұлқи» көтеруде үш әрекеттің екеуін жүзеге асырды және 134 келі белгісіне тоқтады. «Серпе» көтеруде жалғыз сәтті әрекет 155 келі болды, бірақ бұл 67 келіге дейінгі санатта екі рет құрмет тұғырына көтерілуге жеткілікті болды», - деп жазады федерацияның баспасөз қызметі.