Алматы қаласы Полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Алматы қаласы Полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Сурет: Тengrinews.kz

Ол бұған дейін Алматы облысының полиция департаментін басқарған.

Президент Әкімшілігімен келісе отырып, генерал-майор Заппаров Арыстанғани Расылханұлы Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Жеке құрамға полиция департаментінің жаңа басшысын Ішкі істер министрінің орынбасары, полиция генерал-майоры Қайрат Сөнтаев таныстырды. Арыстанғани Расылханұлы Заппаров 1969 жылы туған. Ішкі істер органдарында 1993 жылдан бастап қызмет етеді. Басшылық қызметте үлкен тәжірибесі бар. 2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарған. 2022 жылдың қаңтарынан бастап Алматы облысының полиция департаментін басқарды.