Қазақстандық әнші «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанына ән арнады

Қазақстандық әнші «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанына ән арнады
Сурет видеодан алынды

Музыкалық орындаушы Қазыбек Әдікей «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанын өткізіп, оған қазақ тілінде «Сүйікті Алматы» әнін жазып, оны Instagram-дағы аккаунтына жариялады. https://www.instagram.com/p/C5gh6wXtMQ8/

Әнін Кентау Назарбек, сөзін Дәулет Құрманғалиев жазған. Әннің шумағы мен қайырмасында әнші Алматы қаласының негізгі көрікті жерлерін атап, олардың қаншалықты әдемі екенін айтқан. Олардың арасында Алатау, Көктөбе, Медеу, Шымбұлақ бар. Ән арқылы ол қала тұрғындарын қалыс қалмауға, сенбілікке шығып, аумақтарды тазартуға қатысуға шақырды.

Жазбаның астындағы пікірлерде жанкүйерлер әннің шабыт беретін айтып, жаңа әннің сәтті шыққанын жазды. 

Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуірде «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны басталды. Әрбір тұрғын қаланы дамыту мен көркейтуге үлес қоса алады.

Барлық ақпарат almaty.kz сайты мен Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында жарияланады. Сондай-ақ, қаладағы баннер, плакат және афишалардағы арнайы QR-код арқылы веб-сайтқа кіруге болады.

Науқанның белсенді қатысушыларына арналған әлеуметтік желідегі хэштегтер: #АлматыНашОбщийДом, #НасМногоГородОдин, #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз.