Қазақстандағы бос жұмыс орындары жарияланатын пайдалы ресурстар

Қазақстандағы бос жұмыс орындары жарияланатын пайдалы ресурстар
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

1. hh.kz — Қазақстандағы және шетелдегі бос жұмыс орындарына арналған ірі алаң.

2. Enbek — Қазақстанның ресми электрондық еңбек биржасы. Онда бос жұмыс орындарын тауып, жаңа мамандық игеруге көмектесетін курстардан өтуге болады.

3. Qyzmet — Қазақстандағы жұмыс іздеуге арналған портал. Еліміздің барлық қалаларындағы бос жұмыс орындары, танымал бос жұмыс орындары мен жұмыс берушілердің рейтингі жарияланады.

4. Joblab — басқа алаңдардан бос жұмыс орындарын жинақтайтын рубрикатор сайт. Ұсыныстарды жылы, мамандығы мен еңбек өтілі бойынша сүзгіден өткізуге болады.

5. Zarplata.kz — жұмыспен қамту сайты, негізінен Алматы мен Астанадағы бос жұмыс орындары жарияланады, бірақ кейде басқа елді-мекендерден түсетін ұсыныстар да кездесіп жатады. Сондай-ақ мұнда қызметкер іздеу бойынша хабарландыру беруге болады.

Бос жұмыс орындары жарияланатын Telegram-арналар: — «IT Вакансии Казахстан»   — Dev KZ | Vacancy   — AI/MoLdin JOBS   — «JobKZ: вакансии»   — «Работа Астана»

Жазбаны Creative Asia арнасындағы әріптестерімізден алдық. Онда Қазақстаннан және онлайн түрде шетелден жұмыс іздеу бойынша ақпарат тұрақты түрде жарияланып тұрады.