Қазақстанда теміржол билеттері қымбаттады

Қазақстанда теміржол билеттері қымбаттады
Сурет: Ашық дереккөз

1 қаңтардан бастап жеке тасымалдаушылар да билеттердің құнын 7%-ға арттырды

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы «Тальго» пойыздарына теміржол билеттері неге қымбаттағанын түсіндірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл сауалға «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қанат Әлмағамбетов жауап берді.

- «Тальго» құрамына екі дизельвагон қызмет көрсетеді, олар сумен қамтамасыз етеді, бүкіл құрамды жылытады, жарықтандырады, 2 тоннаға дейін дизель отынын сатып алады. Біріншіден, дизель отынының қымбаттығы, екіншіден, вагондар «Тальго» компаниясының сервистік қызметінде. Компанияның өз филиалы бар және олар осы вагондарға қызмет көрсетеді. Бұлар - бірегей вагондар. Тиісінше, бұл пойыздың билеттері қарапайым билеттерге қарағанда қымбаттырақ», - деп түсіндірді Қанат Әлмағамбетов.

Оның айтуынша, 1 қаңтардан бастап жеке тасымалдаушылар да билеттердің құнын 7%-ға арттырды.