Қазақстанда шығарылған кітаптар дүкендерге жетпейді

Қазақстанда шығарылған кітаптар  дүкендерге жетпейді
Сурет: Inform.kz

Бұл – Ұлттық кітап палатасының директоры Әділ Қойтановтың сөзі.

Оның айтуынша, мәселенің себебі нарықтағы кітап сату және кітап сатып алу мәдениетіне келіп тіреледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Заманауи кітап дүкендерінде қазақтілді авторларды қойып, Қазақстанда шығарылған кітаптардың үлесі де тым аз.

«Мемлекеттік бағдарламалармен шығатын кітаптар облыс, аудан орталықтарындағы кітапханаларға жеткізіліп жатыр. Бірақ дүкендерге жетпейді. Себебі баспалардың бағдарлама бойынша орындалған тапсырыстың үстіне артық тираж шығарып, оны кітап дүкендеріне өткізетін құлқылары жоқ. Сондықтан біз барлық баспалармен ақылдасып, осы мәселелерді шешу жолдарын қарастырып жатырмыз», - деді ол Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Оның айтуынша, мәселенің себебі нарықтағы кітап сату және кітап сатып алу мәдениетіне келіп тіреледі. 

«Республика территориясында жұмысы жүйеленген дүкендердің сөрелерінде қазақстандық авторлардың, оның ішінде қазақ әдебиетінің белгілі ақын-жазушыларының еңбектері сирек кездеседі. Ал «Меломан» желісінің басшыларының айтуынша, ондағы дүкендерде елімізде шыққан кітаптардың үлесі он-ақ пайыз», - деді Қойтанов.